16.08.2024
Черчесов Қазақстан құрамасынан кете ме?
Бейсенбі, 15 тамызда болгариялық БАҚ Қазақстан құрамасын баптайтын ресейлік Станислав Черчесов жақында «Лудогорец» клубы орналасқан Разградта жүргені туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды sport12.kz. Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.
Басылым бұл мәселені анықтау үшін Черчесовпен жеке хабарласқан.
— Кеш қоңырау шалғанымыз үшін кешіріңіз, бірақ жергілікті басылымдар хабарлағандай, сіз шынымен Болгариядасыз ба?
- Не деген сандырақ?! Бұл ақпарат қайдан шыққан?! Менімен Лудогорецтен ешкім хабарласпады, тіпті егер олар хабарласса да, қазіргі жоспарым мүлде басқа. Мен Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынына дайындалып жатырмын. Барлығына ақпараттық тазалықты сақтауға кеңес беремін. Осындай мәліметтер қайдан тарайды?!», - деп жауап берді бапкер.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас