21.08.2024

Облыс басшылығы «Ақтөбенің» бас бапкері Дмитрий Парфеновке талап қойды 

Облыс басшылығы «Ақтөбенің» бас бапкері Дмитрий Парфеновке талап қойды 

Сурет - «Ақтөбе» ФК

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Дмитрий Парфенов алдағы турда команда «Ордабасы» клубын жеңбеген жағдайда қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12. 

Өткен турда ақтөбелік клуб өз алаңында Қызылорданың «Қайсар» клубымен 1:1 есебімен тең ойнады. Осыдан кейін облыс басшылығы оның қызметіне деген сенімсіздік білдірді. Оған алдағы турларда команданың жеңіске жетуі жөнінде талап қойды.

Дмитрий Парфенов 1974 жылы дүниеге келген. Ол Ресейдің «Спартак» командасының намысын қорғап, Ресейдің төрт дүркін чемпионы атанған.
1996-2004 жылдары Украина ұлттық құрамасында ойын көрсетті.

2012 жылы бапкерлік мансабын бастап, Ресей жасөспірімдер құрамасының тізгінін ұстады. Кейіннен «Текстильщик» (Иваново) клубын баптап, «Тосно» (Санкт-Петербург) ұжымымен Ресей кубогін жеңіп алды.

Одан бөлек, ресейлік «Урал» клубымен де ел кубогінің финалына дейін жетті. Сондай-ақ, тулалық «Арсеналды» жаттықтырды. 2022-2023 жылдарда «Родина» (Мәскеу) клубына Ресейдің бірінші лигасында басшылық жасады.  

Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Көшпенділер ойыны 2024 3 сағат бұрын

Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы алғашқы жаттығуын жасады

Футбол 5 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы алғашқы жаттығуын жасады

«Барыстың» канадалық қорғаушысы жарақат алып қалды

Хоккей 5 сағат бұрын

«Барыстың» канадалық қорғаушысы жарақат алып қалды

Бүгін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі?

Көшпенділер ойыны 2024 5 сағат бұрын

Бүгін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі?

Ағайынды теннисшілер Австрия чемпионатына аттанады

Теннис 6 сағат бұрын

Ағайынды теннисшілер Австрия чемпионатына аттанады

Қазақстан құрамасы еншісінде - 69 медаль

Көшпенділер ойыны 2024 6 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы еншісінде - 69 медаль