02.09.2024

Паралимпиада-2024: 1 қыркүйекте қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті?

Паралимпиада-2024: 1 қыркүйекте қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті?

1 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар төрт сайыс түрінен жарыс жолына шықты.

Пара нысана көздеу: 10 метрге пневматикалық мылтықпен нысана көздеуден (R3: екі шынтаққа тірекпен отырып ату) сынға түскен Еркін Ғаббасов 624.3 ұпай жинап, 35-орынға тұрақтады.

Пара жүзу: Рио Паралимпиадасының жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина 150 метрге жүзуде 10-орынға тұрақтап, финалға шыға алмады.

Пара үстел теннисі: Париж-2024 Паралимпиадасында пара үстел теннисінен 1/16 финалында Әли Мақұлбеков бельгиялық Марк Ледомен кездесіп, 1:3 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осылайша Әли Париж-2024 Паралимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады.

Паралимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс жүлде бар.

Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас