02.09.2024
Бүгін Паралимпиадада отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрамасы сайысқа түседі

ҰОК
Бүгін, 2 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бір сайыс түрінен жарыс жолына шығады.
Сағат 15:00-де отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрамасы Египетпен шеберлік байқасады.
Қазақстандық құрама бұдан бұрын Францияны 3:0 есебімен жеңсе, одан кейін Босния және Герцоговинаға 2:3 есебімен жол берді.
Ал Египет құрамасы Босния және Герцоговинаға 1:3 есебімен жеңілсе, Францияны 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Қазір аталған топта Босния және Герцоговина көш бастап, алғашқы жолдамаға ие болды. Екінші жолдама тағдыры Қазақстан мен Египет кездесуінде шешіледі.
