04.09.2024

Паралимпиада: Қазақстандық спортшылар 3 қыркүйекте жүлде ала алмады

Паралимпиада: Қазақстандық спортшылар 3 қыркүйекте жүлде ала алмады

2024 жылғы Паралимпиадада қазақстандық спортшылар 3 қыркүйекте пара жүзуден жарысқа қатысты.

Пара жүзу: SM13 санатында 200 метрге кешенді жүзуде бақ сынаған Нұрдәулет Жұмағали 2:20.31 секунд нәтижесімен жалпы есепте 10-орынға тұрақтады. 
50 метрге шалқалай жүзу бойынша іріктеу кезеңіне қатысқан Сиязбек Дәлиев финалға шыға алмады. Оның уақыт көрсеткіші – 40.14 секунд.

Паралимпиаданың алтыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс жүлде бар.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас