04.09.2024
6 қыркүйекте «Ақтөбеге» жаңа бапкер келеді

«Ақтөбе» командасына жаңа бапкер 6 қыркүйек күні таныстырылады.
Бұл жөнінде «Серый кардинал» телеграм арнасында жазылды.
Сол күні шетелдік футболшылардан басқа команданың негізгі құрамы жиналады. Оларға бапкердің міндетін атқаратын маман таныстырылады. Оның аты-жөні әзірге белгісіз.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Ақтөбе» футбол клубы өзара келісім аясында Дмитрий Владимирович Парфеновпен арадағы келісім-шартты үзіскенін ресми хабарлады.
31 тамызда «Ақтөбе» өз алаңында Семейдің «Елімай» командасына 1:3 есебімен жол берді.
Жыл басында 49 жастағы ресейлік маман «Ақтөбе» тізгінін ұстады. Қазір команда турнирлік кестеде екінші орында тұр.
Сондай-ақ Парфеновтың басшылығымен команда Қазақстан Кубогінің финалына шықты. Мамыр айының «Үздік бапкері» жүлдесін жеңді.
