07.09.2024

Холландтан қомсынбай, Эдегорды елемедік...

Холландтан қомсынбай, Эдегорды елемедік...

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алатау бөктерінде Норвегия футболшыларымен тең түсті (0:0). Тәп-тәуір нәттже! FIFA рейтингінде 50-орында тұрған командамен итжығыс түстік. Ең бастысы, қоржынымызға бір ұпай салдық.

Әйтсе де, бөркімізді аспанға атуға – ерте әлі. Норвегияның гол соға алмай, сандалғыны... бізге өз деңгейімізді таразылауға мүмкіндік бермейді. Бұл елдің ұлттық құрамасы сапында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар аз емес. Бірақ ұжым жоқ, бірлік жоқ, ойын жоқ.

Норвегия құрамасы 2002 жылдан бері Әлем чемпионатының, 2004 жылдан бері Еуропа чемпионатының финалдық додасына шыға алмай жүрген – «босбелбеу» (ғафу етіңіздер), ортаңқол құрама. Бас бапкері Столе Сольбаккенді төрт жыл бойын неге ұстап отырғандарына таңым бар.
Жарайды, мұның бәрі – олардың өз шаруалары, өз мәселелері. Десек те, Холланд және Эдегор сынды «Алтын доптан» үміткерлері бар құраманың осылай кежегесі кейін тартып, өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай жүргендері бәрібір таңдандырады...
Енді өзіміздің Ұлттық құрамаға келейік. Бүгін статистикалық тұрғыда қонақтарға бар жағынан есе жіберіп алдық. Допқа иелік ету көрспеткішіміз 36 пайыз ғана болды. Қақпаға бағытталған соққылар мен бұрыштама добы қатынастары, дәл пастар және т.б... Бұлардың бәрін тізіп шығудың да қажеті болмас.

Әйтсе де, ойын өрнегіміз маздап көзге ұрмағанымен, нәтиже бар. Тең түстік. Норвегия сұрмергендерін тыпыр еткізбей, тұсаулап ұстадық. Адымдарын аштырмадық. Жігіттер жанкештілік танытты. Аянған жоқ. Қорғанысымыздың топсасы берік болды. АПЛ-дың ең үздік сұрмергені де бұзып-жарып өте алмады! Тамаша!

Ең бастысы, ұлттық құрама сапына Әлібек Қасым, Рамазан Кәрімов, Стас Покатилов, Талғат Құсәпов, Арман Кеңесов, Оралхан Өміртай сынды жігіттеріміздің оралғаны қуантады. Сағадат Тұрсынбай да бас бапкердің назарында екен.
 Мұның алдындағы бас бапкеріміз қорғаныста буын алмасы процесі жақын екеніне мән бермей, ең соғында егде тартқан Малыйдың орнына кімді шығарарын білмей, «аһ ұрған», Тіпті орталық қорғаушы шебіне Марат Быстровты да шығарған.

Бүгін үш орталық қорғаушымыздың бірі Әлібек болды. Жаман емес сияқты. Марочкин де жас емес. Енді оның орнын Талғат пен Сағадаттың бірі басса, сенім үдесінен шықса дейміз. Жігіттер шыңдала түссе екен деген тілегіміз зор.

Бүгінгі бір ұпай оңайшылықпен келген жоқ. Төрт ойыншымыз ескерту алды. Әйтпесе, Норвегия шабуылшыларын тоқтату мүмкін емес еді. Келесі ойын – Словения құрамасымен (9 қыркүйек күні). Міне, нағыз жауапты сын – осы. Бұл – біздің құраманың қазіргі деңгейіне «өлшем, баға» бола алатын матч. «Балапандарды» сол ойынан кейін санаймыз. 


Нұрғазы Сасаев

Қазақстанда стенд атудан Азия кубогі өтеді

Басқа 2 минут бұрын

Қазақстанда стенд атудан Азия кубогі өтеді

Бас бкпкер: Махмуд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырады

Футзал 23 минут бұрын

Бас бкпкер: Махмуд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырады

Алда қазақстандық спортшыларды қандай жарыстар күтіп тұр?

Басқа 26 минут бұрын

Алда қазақстандық спортшыларды қандай жарыстар күтіп тұр?

Португалия Панаманы ірі есеппен жеңді

Футзал 38 минут бұрын

Португалия Панаманы ірі есеппен жеңді

Премьер-Министр Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Париж-2024 2 сағат бұрын

Премьер-Министр Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Әлем чемпионаты: Дәурен Тұрсағұлов бір ойынға қатыспайды

Футзал 2 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Дәурен Тұрсағұлов бір ойынға қатыспайды