07.09.2024

Нұралы Әліп өзін қазақ тіліне қарсы деп жазғырған журналистке жауап берді

Нұралы Әліп өзін қазақ тіліне қарсы деп жазғырған журналистке жауап берді

Қазақстандық футболшы Нұралы Әліп өзін қазақ тіліне қарсы деп пікірін білдірген азаматтарға жауап берді.

Ол ресейлік Владислав Радимов пен Андрей Аршавин қатысқан бейне сұхбатта Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қатысқан баспасөз мәслихатында болған жағдайға байланысты ой-пікірін білдірген еді. Онда қазақстандық журналист Нұрсұлтан Құрманның қазақша қойған сауалына ресейлік бапкердің қайтарған жауабына байланысты әңгіме туындаған еді.

«Қолдауларыңызға үлкен рақмет, Қазақ елі! Соңғы айтқан сұхбатымды дұрыс емес қабылдаған кейбір жандарға айтқым келеді. Мен қазақ тіліне қарсымын немесе сөйлемеу керек деген жоқпын. Ондай ойым да болған жоқ. Мен өзім бір адамға (Нұрсұлтанға) келген қонаққа жайлылығыңды көрсетуің керек деп айтқанмын. Бірақ ол адам мені дұрыс түсінбей, басқа жағынан қазақ тіліне қарсы деп ойлап, өз пікірін айтып мені түсінбеді. Ұзын сөздің қысқасы, айтайын дегенім, мен өздерің сияқты, қазақтың қара домалақ баласымын. Қазақ елім үшін, жерім үшін жанымды беремін. Қазақты қазақ көтерер, біз - біргеміз, биік іргеміз», - деді Нұралы Әліп әлеуметтік желідегі парақшасында. 
Қазақстанда стенд атудан Азия кубогі өтеді

Басқа 4 минут бұрын

Қазақстанда стенд атудан Азия кубогі өтеді

Бас бкпкер: Махмуд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырады

Футзал 25 минут бұрын

Бас бкпкер: Махмуд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырады

Алда қазақстандық спортшыларды қандай жарыстар күтіп тұр?

Басқа 28 минут бұрын

Алда қазақстандық спортшыларды қандай жарыстар күтіп тұр?

Португалия Панаманы ірі есеппен жеңді

Футзал 40 минут бұрын

Португалия Панаманы ірі есеппен жеңді

Премьер-Министр Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Париж-2024 2 сағат бұрын

Премьер-Министр Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Әлем чемпионаты: Дәурен Тұрсағұлов бір ойынға қатыспайды

Футзал 2 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Дәурен Тұрсағұлов бір ойынға қатыспайды