20.09.2024
Ислам Чесноков пен Андрей Карпович тамыз айының үздіктері атанды

Сурет Қазақстан футбол лигасы
Қазақстан футбол лигасы 2024 жылдың тамыз айы бойынша Премьер-лигасындағы үздік ойыншы мен бапкерді анықтады.
«Үздік ойыншы» номинациясы турнир қатысушыларының капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Сондай-ақ бас бапкерлер өзара «Үздік бапкер» номинациясы иегерінің жеңімпазын таңдады.
Тамыз айының үздік ойыншысы ретінде «Тобыл» клубының сұрмергені Ислам Чесноков танылды. Ол өткен айда қостанайлықтар сапында барлық матчқа қатысып, 4 гол соқты. Қазіргі сәтте 24 жастағы футболшы OLIMPBET QFL Премьер-лигасының сұрмергендер тізімінде топ бастап келеді. Ал тамыз айындағы үздік бапкер атағы 43 жастағы Андрей Карповичке бұйырды. Оның баптауымен «Елімай» клубы тамыз айындағы төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетті.
