26.09.2024

Кака: Португалиямен кездесу тартысқа толы ойын болады

Кака: Португалиямен кездесу тартысқа толы ойын болады

Сурет - Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен өтетін ойын алдында пікір қалдырды.

– Бүгін ойын өтетін Әндіжан аренасында бірінші және соңғы рет жаттығу өткіземіз, - деді ол қазақстан футбол федерациясына берген сұхбатында. - Бізге жақын таныс арена. Бұл алаңда жаттығу ешқашан артық болмайды. Өте жинақы және пайдалы жаттығу жасағымыз келеді. 
Португалиямен өтетін ойынға дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр. Видео қаралымдар мен ойындарды талдау, психологиялық дайындық. Матчқа дейін барлық дайындықты жасауға тырысамыз. 
Есе қайтару сезімі туралы айтатын болсақ, бұл біреуге көмектесер, ал екіншісіне көмектесуі мүмкін. Әлем чемпионатының 1/8 финалында ойнаймыз. Өткен додада қарсыласпен кездескенбіз. Тартысқа толы ойын болды. Өте ұйымшыл қарсылас, ойынға дұрыс тактика қою үшін барымызды саламыз. Өйткені, біз ең жоғары нәтижені қалаймыз. 
Менің матчқа қатыса алмайтын ойыншылар туралы ешқашан шағымданбағанымды байқаған боларсыздар. Лео туралы ойлап жатқан жоқпыз. Ескерту алған, жарақат алған ойыншылар қайта оралды. Соларға сенім артамыз.

Соңғы ойын Ташкентте өткен. Өте жылы атмосфера болды. Енді Әндіжанға оралдық, үйге оралғандай болдық. Біздің ойынға дейінгі басымдығымыз – жанкүйерлердің қолдауы. Жанкүйерлер қолдауына сенім мол, осы жолы өте көп жанкүйер жиналады деген сенімдемін. Залдың лық толы болғаны біз үшін де, футзал үшін де керемет болар еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

«Барыс» қыркүйекте Астанада «Сибирь» командасымен екі бақылау ойынын өткізеді

Хоккей 36 минут бұрын

«Барыс» қыркүйекте Астанада «Сибирь» командасымен екі бақылау ойынын өткізеді

«Семей» футзал клубы Бразилия құрамасын жаттықтырған маманмен келісімге келді

Футзал 37 минут бұрын

«Семей» футзал клубы Бразилия құрамасын жаттықтырған маманмен келісімге келді

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Хоккей 49 минут бұрын

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Жүзуден Максим Сказобцов әлем чемпионаты финалына шықты

Басқа 54 минут бұрын

Жүзуден Максим Сказобцов әлем чемпионаты финалына шықты

Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстанның жазғы кубогы өтеді

Футбол 1 сағат бұрын

Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстанның жазғы кубогы өтеді

Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді