04.10.2024
Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиадалық комитет президенті Томас Бахтың кездесті

Фото: Olympic.kz
Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин осы күндері Асунсьонде (Парагвай) өтіп жатқан Panam Sports Бас ассамблеясына қатысты.
Шара аясында Қазақстан ҰОК басшысы мен Халықаралық Олимпиадалық комитет президенті Томас Бахтың кездесуі болып өтті.
Бах мырза Геннадий Головкиннің әлемдік боксқа қосқан үлесіне жоғары баға беріп, оны World Boxing Олимпиадалық комиссия төрағасы болып сайлануымен құттықтады. Сонымен бірге алдағы ынтымақтастық жемісті болатынына сенім білдірді.
Сонымен бірге Қазақстан ҰОК президенті жаңа тағайындалған Panam Sports президенті және Чили ҰОК басшысы Невен Иличпен кездесті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
