05.10.2024
Амир Маймұратов Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Фото: Olympic.kz.
Спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Амир Маймұратов Сеулде өтіп жатқан (Оңтүстік Корея) Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін, 4 қазанда «жылдамдық» бойынша жарыстың финалы болып өтті.
Маймұратов бірінші орын үшін қытайлық спортшы СиньШань Ванмен жарысты. Дегенмен ол қарсыласынан жеңіліп қалды.
Үшінші орын Индонезиядан келген Киромал Катибинге бұйырды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
