14.10.2024
Ұлттық құрамада екі футболшы тұсаукесер ойынын өткізді
Фото: ҚФФ
Жан Әли Пайруз бен Асхат Балтабеков Словенияға қарсы матчта ұлттық құрама сапында дебют жасады.
Жан Әли Пайруз 1999 жылы дүниеге келген. Қарағандының «Шахтёр» клубында 2016 жылы үлкен футболға қадам жасады. Одан кейін қазақстандық «Каспий», «Мақтарал» клубтарында доп тепті. Биылғы жылдан бастап семейлік «Елімай» командасының намысын қорғап келеді.
Ал 31-жастағы Асхат Балтабеков Талдықорған футболының түлегі. Талдықорғанның «Жетісу», Алматының ЦСКА, Шымкенттің «Қыран» клубтарында ойнады. 2017 жылдан бері «Жетісу» клубында қорғаушы және жартылай қорғаушы міндеттерін атқарып келеді.