20.10.2024
Лионель Месси «Интер Майами» тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды
Аргентиналық ойыншы «Нью-Инглэндке» қарсы матчта хэт-трик жасады.
Осылайша Месси клуб тарихындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде көш бастады:
1. Лионель Месси — 33 гол
2. Леонардо Кампана — 32 гол
3. Гонсалу Игуаин — 29 гол
Сондай-ақ, Месси Аргентина чемпионатында ойнауы мүмкін.
El Nacional басылымының ақпараты бойынша, Лео 2025 жылдың соңында «Интер Майами» клубынан кетіп, мансабын «Ньюэллс Олд Бойз» клубында аяқтайды.
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси бұрынғы клубы "Барселонаның" алаңы "Камп Ноуда" қоштасу матчын өткізеді. Бұл туралы каталондық команданың спорт директоры Деку мәлімдедi7
Деку "Marca" басылымына берген сұхбатында Месси бұрыңғы клубымен қоштасу матчын өткізетінін айтты.
"Месси "Барселона" сапында міндетті түрде қоштасу матчын өткізеді. Бірақ қашан екені белгісіз. "Камп Ноудың" күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін болуы мүмкін", – деді "Барсаның" спорт директоры.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»