14 сағат бұрын
«Batumi Open» Астана қаласының каратэ Шинкиокушинкай құрамасы тағы да үздік шықты
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Sport Qory» Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының демеушілігімен, Астана қаласының каратэ Шинкиокушинкай құрамасы Грузияда өткен халықаралық турнирде топ жарды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген татами шеберлерін қапыда қалдырған елодалық каратэ шеберлері командалық сында бірінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласының каратэ Шинкиокушинкай құрамасы 4-19 шілде аралығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Sport Qory» Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен Жапонияда оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын.
Сондай-ақ, 25 елден келген 4000 мыңға жуық татами шеберлерінің басын қосқан әлем чемпионатында бақтарын сынады. 19-21 шілде аралығында Жапонияның Токио қаласында өткен "DreamCup" халықаралық турнирінде жекелей және командалық сында үздіктер қатарынан көрініп, әлемдік аренада ел абыройын асқақтатты.