07.11.2024
Елена Рыбакина жылдың қорытынды турнирінде әлемнің 1-ракеткасын жеңді
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина рейтингіде көш басында тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтты.
Бұл Рыбакинаның өз тобындағы соңғы матчы еді. Осыған дейін екі рет жеңілген қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылса да, әлемнің 1-ракеткасымен ойында үздік өнер көрсете білді.
Бірінші партияда Елена 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде А.Соболенко есе қайырды – 6:3.
Үшінші, шешуші сетте Елена айқын басымдылық танытты – 6:1.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас