16.11.2024
«Ордабасы» бірден алты футболшымен қош айтысты
Фото: baigenews.kz
«Ордабасы» футбол командасы құрамынан бір топ ойыншылар кетті.
Клуб басшылығы Айбол Әбікен, Ловро Цвек, Игорь Пластун, Реджиналдо, Сергей Игнатовичпен қош айтысты.
Биыл шымкенттік клуб ел біріншілігінде үшінші орынды місе тұтты. Былтырғы ел чемпионы атағын қорғай алған жоқ.
Соған байланысты команда басшылығы алдағы жылы «Ордабасы» құрамының жаңартылуы жөнінде ой-пікірін білдірген еді.
Әзірге команданың бас бапкері Кирилл Кекер өз қызметінде қалатыны белгісіз. Ол клубтың сәтсіз ойындарына байланысты қызметінен кететіні жөнінде өтініш жазған еді. Оны команда басшылығы қабылдаған жоқ.
Айта кетсек, бұдан бұрын командадан украиналық шабуылшы Артем Беседин кеткен еді.