1 күн бұрын
Юрий Щукин: «Команда жақсы ойнап, көздеген мақсатына жетті» Юрий Щукин: «Команда жақсы ойнап, көздеген мақсатына жетті»
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин Билли Джин Кинг кубогы аясында елордада Кореямен өткен екі күндік плей-офф матчын қорытындылады.
«Өз елімізде Корея құрамасын жеңіп, онда барлық қыздарымыздың өнер көрсеткеніне өте қуаныштымын. Зарина ұзақ үзілістен кейін тамаша матч өткізді. Бұл оған күш қосады деп ойлаймын. Жұптық бәсекеде жеңіліп қалғанына қарамастан, команда мықты ойнап, оң нәтижеге қол жеткізді. Екі күн бойы Beeline Arena теннис орталығын толтырған жанкүйерлерге жеке алғысымды айтқым келеді. Адамдардың теннис қарап, команданы қолдағанын көрдік. Қыздарымыздың қазақстандық жанкүйерлеріне осыншама көтеріңкі көңіл-күй сыйлағанына, әрине, ризамыз», деді Щукин.
Еске сала кетейік, Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Корея Республикасын 3:1 есебімен ұтты. Командаға Зарина Дияс, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева жеңіс ұпайларын әперді. Ештеңені шешпеген соңғы жұптық сында ғана Анна Данилина – Жібек Құламбаева Ким Дабин – Ку Ен Вуға 3:6, 6:4, 7:10 есебімен есе жіберді.
Командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңі 2025 жылы сәуірде өтеді. Жеребе осы айдың аяғында болады.