23 сағат бұрын
Қарсыласын бірінші раундта жеңген Махмұд Сабырхан ширек финалға шықты
Фото: kfb.kz
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан (54 келі) ширек финалға шықты. Ол қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, жекпе-жек бірінші раундта тоқтатылды.
Енді ол 6 желтоқсан күні Шри-Ланка өкілімен күш байқасады.
Айта кетсек, ел құрамасынан үш боксшының жекпе-жегі жоспарланған еді.
Дегенмен Милана Сафронова (66 келі) жекпе-жек өткізбестен бірден жартылай финалға жолдама алды. Оның қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартқан еді.
Енді ел құрамасынан он бірінші жұпта әйелдер арасында Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Дильфуза Бековамен шеберлік байқасады.
Дәл қазір біздің сайтта Азия чемпионатынан тікелей көрсетілімді тамашалауға болады.