13.03.2023

Қазақстан әлем чемпионатына бойкот жарияламайды

Қазақстан әлем чемпионатына бойкот жарияламайды

Бокстан Қазақстан құрамасы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына Ресей мен Беларусь спортшыларының қатысуына байланысты бойкот жариялауды жоспарлап отырған жоқ.

«Бокстан әлем чемпионаты алғаш рет Ташкентте өткелі жатыр. Әрине, бұл біздің бауырлас ел. Рингте біз бәсекелеспіз, бірақ рингтен тыс біз жақсы қарым-қатынастамыз. Бір жағынан мұндай чемпионатты қолдап, өткізу керек деп ойлаймын. Оның үстіне, Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан ешқандай шектеулер жоқ», - деп түсіндірді Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов «Khabar Sport» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, 20-ға жуық мемлекет Ресей мен Беларусь спортшыларының қатысуына байланысты әлем чемпионатына бойкот жариялаған болатын. Атап айтқанда, Ұлыбритания, АҚШ, Чехия, Польша, Ирландия, Канада, Швеция, Швейцария, Германия, Украина құрамалары турнирге қатысудан бас тартқанын мәлімдеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

«Қайрат» бүгін Чемпиондар лигасында дебютін жасайды

Футбол 5 минут бұрын

«Қайрат» бүгін Чемпиондар лигасында дебютін жасайды

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан алғашқы ойында жеңіліп қалды

Теннис 1 сағат бұрын

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан алғашқы ойында жеңіліп қалды

«Ливерпуль» соңғы минутта жеңісті жұлып әкетті

Футбол 2 сағат бұрын

«Ливерпуль» соңғы минутта жеңісті жұлып әкетті

Бүгін футболдан Бірінші лигада ХХІІ тур ойындары өтеді

Футбол 2 сағат бұрын

Бүгін футболдан Бірінші лигада ХХІІ тур ойындары өтеді

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» командасымен кездеседі

Хоккей 2 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» командасымен кездеседі

EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Италиямен кездеседі 

Футзал 2 сағат бұрын

EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Италиямен кездеседі