08.12.2024

Бүгін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ақмолда Сайрамкез сайысқа түседі.

Бүгін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ақмолда Сайрамкез  сайысқа түседі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бахрейннің Манама қаласында жалауын көтерген ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ел құрамасынан алғашқы болып Ақмолда Сайрамкез (67 келі) сайысқа түседі.

Қазірге дейін 22-жастағы атлет көптеген жарыста жеңімпаз атанып үлгерді. 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болса, Азия чемпионатында 2019 жылы жасөспірімдер және 2020 жылы жастар арасында қола жүлдеге қол созды.

Сондай-ақ ол 2021 жылғы жастар аарсындағы әлем чемпионатында және 2024 жылы ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс алды.

Еліміздің ерлер құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұханбетовтің айтуынша, Ақмолда Сайрамкез А тобында сынға түседі. Бұл салмақта барлығы 27 спортшы жүлделерді сарапқа салады. Басты қарсыластары - Қытай, Солтүстік Корея және Түркиядан келген ауыр атлеттер. 

Әлем чемпионатынан тікелей көрсетілімді Qazsport телеарнасынан 21:30-де тамашалауға болады. 

Жарыста ерлер құрамасында Ақмолдадан өзге Александр Уваров (81 келі), Алексей Чуркин (81 келі), Денис Уланов (89 келі), Денис Полубояринов (89 келі), Кириил Староверкин (96 келі, Нұрғиса Әділетұлы (96 келі, Артем Антропов (102 келі), Андас Самарқанов (109 келі) пен Мейрам Сұлтан (109 келі) сайысқа түседі.

Ал әйелдер құрамасында Карина Горичева (64 келі), Арай Нұрлыбекова (71 келі), Аянат Жұмағали (76 келі), Айша Омарова (76 келі) және Любовь Ковальчук (+87 келі) жүлделерді сарапқа салады.

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 6 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 6 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 7 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 7 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 8 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 9 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты