14.12.2024
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионаты іріктеу кезеңін қашан бастайды

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі ойын кестесі белгілі болды.
Ел құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары - Бельгмя, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.
Ел құрамасы топтық кеезңдегі алғашқы ойынын 2025 жылдың 25 наурызында сырт алаңда Лихтенштейнге қарсы өткізеді.
Ал ел құрамасының топтық кезеңдегі соңғы ойыны сол жылдың 15 қарашасына белгіленген.
25/26.03.2025.00:45. Лихтенштейн - Қазақстан
9.06.2025.19:00. Қазақстан - Солтүстік Македония
4.09.2025.19:00. Қазақстан - Уэльс
7.09.2025.23:45. Бельгия - Қазақстан
10.10.2025. 9:00 Қазақстан - Лихтенштейн
13.10.2025. 23:45 Солтүстік Македония - Қазақстан
15.11.2025.19:00 Қазақстан - Бельгия.
