7 сағат бұрын
«Жеңіс» жастар құрамасының қақпашысымен келісім-шартты ұзартты
Фото: KazFootball.kz.
«Жеңіс» футбол клубы жастар құрамасының қақпашысы Артур Колесниковпен келісімшартын 2026 жылдың соңына дейін ұзарты.
Артур 2006 жылы Астанада дүниеге келген, ол елордалық футбол мектебінің тәрбиеленушісі және «№ 8 БЖМОРСМ» түлегі.
Жастар құрамындағы алғашқы кәсіби маусымында Артур Екінші лигада «Жеңіс Жас» сапында 6 ойын өткізді! 2024 жылдың маусымынан бастап негізгі құраммен бірге үнемі жаттығуларға қатысып келеді.