01.01.2025

Молдовалық команданың жартылай қорғаушысы «Ордабасы» сынағынан өтеді

Молдовалық команданың жартылай қорғаушысы «Ордабасы» сынағынан өтеді

Молдованың «Бальць» командасының жартылай қорғаушысы Вадим Яковлев қазақстандық «Ордабасы» клубының оқу-жаттығу жиынына аттанады.

Аталған ұжым тізгінін жақында молдавиялық Андрей Мартин ұстаған еді. 

Media Sport-тың эксклюзивті ақпараты бойынша, 21 жастағы футболшы шабуыл және жартылай қорғағаныс шебінде ойнай алады. Ол Молдовада 2019 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. 

Вадим Яковлев Қазақстан азаматы, 2003 жылы  Алматы облысы Ұзынағаш елді мекенінде дүниеге келген. Кәсіби мансабында 2021 жылы қазақстандық «Ақсу» клубында ойнаса, одан кейін молдовалық «Динамо-авто», «Бэлць» клубтарының намысын қорғады. 

Осы маусымның балғашқы бөлігінде В.Яковлев «Бэлць» командасы үшін 10 матч өткізді, онда ол 2 гол соғып, 2 гол берді. Молдова чемпионатында барлығы 66 матч өткізді (6+4).


Біздің серіктес: Бізге тіркел!