3 күн бұрын
Георгий Жуков еркін агент атанды
Фото: ҚФФ
Белгілі футболшы Георгий Жуков жаңа жылдың алғашқы күнінен еркін агент атанды.
Георгий Жуков 1994 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Бес жасында ата-анасымен бірге Бельгияға көшіп кетеді.
Футболдағы алғашқы қадамын 2012 жылы сол елдің «Беерсхот» командасында бастады. Одан кейінгі жылдарда бельгиялық «Стандард», нидерландтық «Рода», ресейлік «Урал», польшалық «Висла Краков» және қазақстандық «Қайрат», «Астана» клубтарында доп тепті.
2013 жылы Бельгияның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасында үш ойында жасыл алаңға шықса, 2014-2015 жылдарда еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасында ойын көрсетті.
2015-2022 жылдарда Қазақстан ұлттық құрамасында болды.
Кейбір ақпарат көздеріне берген сұхбатында ол қазақстандық клубтардың біріне келуге қарсы емес екенін білдіріп, ұлттық құрама жейдесін қайта киюді қалайтынын айтып өтті.