2 күн бұрын
«Ақтөбе» Лиеонель Струмиямен келісімшартты ұзартқан жоқ
«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Леонель Струмия команда құрамында қалмайтын болды.
Ақтөбелік ұжым оның келісімшарт мерзімін ұзартқан жоқ.
Былтыр ол 28 ойында жасыл алаңға шықты, команда капитаны міндетін атқарды. Аргентиналық футболшы команда құрамына 2023 жылы қосылған еді. Одан бұрын өзінің елінде және Латвияда ойын көрсетті.
Сондай-ақ биыл «Ақтөбе» құрамынан жартылай қорғаушы Арман Кеңесов кетті. Ол аталған клубта 2022 жылдан бері ойын көрсетті.
Бірқатар ақпарат көздерінде қақпашы Мұхаммеджан Сейсен «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын екенін мәлімдеп отыр. Қақпашы команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады.
Былтыр «Ақтөбе» футболдан Қазақстан кубогының иегері атанды.