2 күн бұрын
Оралхан Өміртаев Беларусьтің БАТЭ командасынан кетті
Фото: dzen.ru
Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев Беларусьтің БАТЭ командасынан кетті.
Ол аталған клуб сапында алты гол соғып, команданың үздік сұрмергені атанды.
Шабуылшы 1998 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Алғашқы футболшылық мансабын жергілікті «Шахтер» командасында бастаған ол қостанайлық «Тобыл», оралдық «Ақжайық», «Атырау», Беларусьтің «Слуцк» командаларында ойнаған.