2 күн бұрын
Азат Нұрғалиев «Қызылжар» командасы бапкерлер құрамында болады
Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев «Қызылжар» командасы құрылымында қызмет атқаратын болады.
38-жастағы Азат Нұрғалиев беларусьтік маман Александр Бразевичтің бапкерлер құрамына енеді. Ол жуырда ресми түрде командаға таныстырылады деп жоспарланып отыр.
Азат Нұрғалиев кәсіби мансабын 2022 жылы аяқтады. Оған дейін «Ордабасы», «Тобыл», «Астана», «Жетісу» және «Сұңқар» клубтарында доп тепті.
Ұлттық құрама сапында 44 ойында үш голдың авторы атанды.