2 күн бұрын
Александр Седнев «Тұран» командасының бас бапкері атауны мүмкін
Фото: pressball.by
Беларусьтік бапкер Александр Седнев түркістандық «Тұран» командасының бас бапкері атауны мүмкін.
Түркістандық команда биыл негізінен қазақстандық футболшыларды жинауды жоспарлап отыр. Негізгі мақсат – жастарға қолдау көрсету.
Ринат Алюетовтің қызметінен кеткеннен кейін түркістандық клуб бас бапкерсіз қалды. Оның орнына Константин Горовенко, Виталий Жуковский және Қайрат Нұрдәулетов келеді деген әңгіме айтылады.
Александр Седнев 2023-2024 жылдарда шымкенттік «Ордабасы» командасында еңбек етті. Нәтижесінде 2023 жылы олар өз тарихында алғаш рет чемпион атағын жеңіп алды