2 күн бұрын
«Қайрат» жаңа маусымға дайындығын бастады
Фото: olympic.kz
Жиынның бірінші кезеңі 5-24 қаңтар аралығында Алматыдағы клуб базасында өтеді. Ойыншылар демалыстан кейін бірте-бірте жаттығу процесіне оралып, оңтайлы физикалық форма жинап, қарқынды түрде жүктеу жасауға дайындалуға назар аударады.
Екінші кезең 25 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Түркияда болады. Бұл кезеңде команда әртүрлі елден келген қарсыластарымен жеті бақылау матчын өткізеді:
29.01 | «Борац»
01.02 | «Иберия 1999»
05.02 | «Пари НН»
08.02 | «Самгурали»
11.02 | «Динамо» Махачкала
14.02 | «КаМАЗ»
14.02 | «Химки»
Барлық бақылау кездесу тікелей эфирде көрсетіледі. Толық ақпарат кейінірек жарияланады.
Алматыға оралғаннан кейін команда Қазақстан Суперкубогы үшін таласатын матчқа дайындала бастайды.