22 сағат бұрын
Ресми: Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» бас бапкері атанды
Қазақстандық бапкер келесі маусымнан бастап Бірінші лигада ойнайтын Павлодарлық «Ертіс» клубымен келісімшартқа отырды.
Қайрат Нұрдәулетов 2002-2004 жылдары футболшы мансабында «Ертіс» намысын қорғап, клубтың чемпион болуына үлкен септігін тигізген болатын.
Биылғы маусымда ол Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері болды. Оның жетекшілігімен команда 11-орынға тұрақтады.
Қайрат Нұрдәулетов 1982 жылы дүниеге келген. Кәсіби ойыншы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» командаларында ойын көрсетті.
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына енді. Кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.
2023 жылы Түркістан облысының «Мақтарал» клубында бас бапкер міндетін атқарып, аталған ұжымның Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үлесін қосты.
Қайрат Нұрдәулетов бұдан бұрын түркістандық «Тұран» командасының тізгінін ұстауы мүмкін екені айтылған еді.