15 сағат бұрын
Орта Азиядан алғашқы футболшы «Манчестер Сити» сапына ауысады
«Манчестер Сити» Орта Азия елдерінен шыққан алғашқы футболшыны жақын күндері қатарына қосады.
Кейбір дерек көздерінде Тұманды Альбионның беделді клубы өзбекстандық Абдукодир Хусановпен келісімшартқа қол қойды деген ақпарат тарап жатыр.
Жасыл алаң төрінде жарқылдай көрінген 20-жастағы талантқа көз тіккен командалар аз болған жоқ. Олардың қатарында Англияның «Тоттенхэм» және «Ньюкасл» клубтары да бар. Ал «Манчестер Сити» қазір футболшы ойын көрсетіп жүрген франциялық «Ланс» сұраған 30 млн еуроны төлеуге ниетті екенін байқатты. Олар 2023 жылдың жазында Абдукодир Хусановты Беларусь чемпионатындағы «Энергетик-БГУ» командасынан 100 мың еуроға сатып алған еді.