13 сағат бұрын
Никита Пивкин «Елімайға» қайта оралды
Бірінші лигада «Елімай» футбол клубында өнер көрсеткен Никита Пивкин семейлік ұжымға қайта оралды.
«Қайрат» футбол академиясының тәрбиеленушісі #U21 Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі құрамында қақпашы болды.
Айта кетсек, Еркебұлан Нұрғалиевтің екі жақты келісім бойынша «Елімай» футбол клубындағы мансабы аяқталды.
31 жастағы Семей футболының түлегі өз мансабын 2009 жылы семейлік «Спартак» клубының құрамында бастаған. 2013 жылы онымен бірге Премьер-лигаға шықты.
Сондай-ақ өткен маусымда «Елімай» қатарын толықтырған 28 жастағы бразилиялық Рожерио Алвес Дос Сантостың келісімшарт мерзімі аяқталды.
Аз ғана уақыттың ішінде «Елімай» сапында 29 ресми ойын өткізіп 6 гол, 3 нәтижелі пас авторы атанып көпшіліктің көңілінен орын таба білді.