6 сағат бұрын
Былтыр Алматыда ойнаған «Астана» өз стадионына оралады
Фото: ҚФФ
Елорда төрінде «Астана Арена» стадионы футбол ойындарын өткізуге толық дайын тұр. Онда халықаралық кездесуді де өткізуге әбден болады.
Былтыр бір жыл бойы Алматыда ойнауға мәжбүр болған «Астана» енді өз стадионына оралуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ аталған стадионның дайын болмауы салдарынан ел құрамасы Ұлттар лигасындағы ойындарын Алматыда қабылдауға мәжбүр болды.
Оған қоса бұл стадионда елордалық «Жеңіс» командасы да ойын көрсетеді.
Қазір стадионда UEFA талаптары мен ұсыныстары толық негізге алынып, барлық құрылыс-монтаж жұмысы аяқталды. Ескі жабындылар, алаңды жылыту және суару жүйелері толығымен ауыстырылды. Жасанды газон толығымен жаңартылды. Стадион былтыр желтоқсан айында UEFA стандартына сәйкес сертификаттаудан өтті. Содан кейін халықаралық сертификатқа ие болды.