11.01.2025

Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Туринге аман-есен жетті

Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Туринге аман-есен жетті

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Олар алдағы XXXII Қысқы Универсиада ойындарына белсенді дайындалуда. Хоккей турнирі 11-22 қаңтар аралығында Турин маңындағы екі аренада өтеді.

Қазақстандықтар Пинероло қаласында А тобында өнер көрсетеді, онда Швеция, Корея, Канада және Чехия командаларымен кездеседі. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 1-4 орын алған командалар ширек финалға өтеді.

Жігіттерімізге сәттілік тілейміз!

Ойын кестесі:

12 Қаңтар, 20:30 – Швеция-Қазақстан.

14 Қаңтар, 20:30-Қазақстан-Корея.

16 қаңтар, 00: 00 – Канада-Қазақстан.

17 қаңтар, 00: 00 – Қазақстан-Чехия.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас