15.01.2025
Қысқы универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы бүгін Канадамен ойнайды
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
2025 жылғы Қысқы универсиадаға шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы үшінші ойынын Канадаға қарсы өткізеді.
Студенттік ойындар 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында болады.
Қазақстан ерлер құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Чехия, Оңтүстік Корея және Швеция.
Бүгінгі кездесу қазақстандық уақытпен 00:00-ге белгіленген.
Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның екеуінде Қазақстан жеңсе, қалғанында қарсыласына еес жіберді.
Ерлер құрамасы бұған дейін Швециядан 9:2, Оңтүстік Кореядан 7:1 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ олар 17 қаңтарда Чехиямен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас