15.01.2025

Қысқы Универсиада: Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысында сынға түсті

Қысқы Универсиада: Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысында сынға түсті

Фото: torino2025_fisugames

Туринде өтіп жатқан, дүниежүзілік қысқы универсиаданың екінші жарыс күнінде, тау шаңғысынан бәсекелер басталды.

10 шақырымға созылған трассада өткен жарысқа, бас-аяғы 97 спортшы қатысты. Оның ішінде 5 шаңғышы Қазақстан намысын қорғады.

Қазақстандық спортшылар арасынан ең үздік нәтиже тіркеген – Сұлтан Базарбеков (25:19.7). Сұлтан жарыс қорытындысы бойынша 19-шы орынды иеленді. Бексұлтан Ернұр – 32 орын (25:39.5), Әмірғали Мұратбеков – 33 орын (25:40.3), Тұрсынбекұлы Нартай – 40 орын (26:01.06), Исабек Ильяс – 42 орын  (26:03.06).

Ал Универсиада алтыны, межені 24:21.0 минутта бағындырған Норвегиялық Олаф Мартинге бұйырды. Финляндия атынан жарысқа қатысқан Нико Беннерт күміспен күптелді (24:27.28). Үздік үштікті Болгариялық Марио Матиканов түйіндеді (24:38.2).


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас