16.01.2025
Петропавлда «Жастар» стадионынан өрт шықты
Фото:
Петропавлда өрт сөндірушілер «Жастар» стадионында шыққан өртті ауыздықтады.
Мамандардың айтуынша, өрт стадионның жанындағы гараждан шыққан. Лапылдаған жалын жабық футбол алаңына ауысып, ол әп-сәтте жанып кетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнында, жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер туралы «112» нөміріне ақпарат түскен жоқ. Қазіргі уақытта өрттің аумағы, келген шығын анықталып жатыр.