18.01.2025
«Қайсар» бүгін Түркияда Косовоның «Гиляни» клубымен кездеседі
Қызылордалық «Қайсар» Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында бүгін, 18 қаңтарда Косовоның «Гиляни» клубымен кездеседі.
Кездесу қазақстандық уақытпен 19:00-ге жоспарланған. Ол Qsport tv телеарнасынан көрсетіледі.
Косоволық ұжым 1995 жылы құрылған. Өз тарихында бір мәрте кубок иеленсе, бір мәрте кубоктың финалисі болды.
Алдын-ала жоспар бойынша команда бүгін, 18 қаңтарда Түркіменстанның «Аркадаг» командасымен ойнауы тиіс еді. Дегенмен бұл кездесу өтетіні немесе өтпейтіні жөнінде нақты мәлімет айтылған жоқ.
22 қаңтарда «Будучность» (Македония), 27 қаңтарда «Земплин» (Словакия) клубтарымен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, бұдан бұрын қызылордалық ұжым Польша суперлигасының беделді өкілі «Погонь» клубынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас