18.01.2025
Универсиада 2025: Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті
Фото: olympic.kz
Италияның Турин қаласында өтіп датқан қысқы универсиадада бүгін биатлоннан 10 шақырымдық спринт жарысы өтті.
Аталмыш бәсекеде қазақстандық биатлоншы Никита Акимов оқ атудан мүлт кетпей, мәре сызығын бірінші болып 23:34.1 минутта қиып, Универсиада чемпионы атанды. Швециялық Кнут Викстрем (+2.2 секунд) күміс медальмен күптелсе, украиналық Богдан Борковский (+5.5 секунд) қолаға қол созды.
Басқа да қазақстандық спортшылар Кирилл Бауэр мен Владислав Кереев оқ атуда бір мәрте қиыс кетіп, белгіленген межені тоғызыншы және он үшінші болып бағындырды. Ал Ержанат Қуандық оқ ату сайысында 3 рет қателесіп, қорытынды кестеде 23 орынға тұрақтады.
Акимовтың жеңген медалі Қазақстан қоржынына түскен үшінші алтын болып саналады. Осыған дейін фристайлшы Анастасия Городко қысқы ойындардың екі дүркін чемпионы атанған.
Дәл қазір ел құрамасы жалпы командалық есепте 3 алтын, 4 күміс, 2 қоламен үшінші орынды Испания командасымен бөлісіп тұр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи