18.01.2025
Темірлан Ерланов «Қайсар» сапына ауысуы мүмкін
Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов қызылордалық «Қайсардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды. Әзірге бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі растаған жоқ.
Темірлан Ерланов 1993 жылы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Спорттық мансабында 2013 жылдан бері «Восток», «Ордабасы», «Тобыл», «Ақтөбе» клубтарында доп тепті.
2023 жылдан бері «Ордабасы» сапында 42 ойында 4 гол соқты. Өткен маусымда шымкенттік клубта 20 кездесуде 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас