19.01.2025

Стас Покатилов шетелдік клубқа ауысады

Стас Покатилов шетелдік клубқа ауысады

Қазақстандық қақпашы Әзірбайжан елінің «Сабах» футбол клубымен келісімшартқа отырды.

Жергілікті БАҚ көздерінің ақпаратына сенсек, «Сабах» тәжірибелі Стас Покатиловпен бір мәмілеге келіпті.

32 жасар голкипер осыған дейін де, бөгде чемпионатта ойнап көрген. 2016 жылы Стас ресейлік «Ростов» клубының қақпасын күзеткен. Одан бөлек «Ақжайық» футбол клубының түлегі, «Ақтөбе», «Қайрат»  және «Тобыл» сынды клубтардың намысын қорғаған.

Бакулық «Сабах» Әзірбайжан премьер лигасының ағымдағы маусымында 18 ойында 26 ұпай жинап, 5 орында келеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас