20.01.2025
Гвардиоланың Фергюсон рекордына қайталауға сәл қалды
«Манчестер Сити» Ағылшын Премьер Лигасының 22-турында «Ипсвичті» сырт алаңда 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша, «қалалықтардың» бас бапкері Хосеп Гвардиола үшін бұл Премьер-лигада командасы алты немесе одан да көп гол соққан 13-ойын болды деп хабарлайды Squawka.
Испандық маман бұл көрсеткіш бойынша «Арсеналдың» бұрынғы бас бапкері Арсен Венгермен теңесті. Көш басында 14 мәрте есепті тіркеген сэр Алекс Фергюсон тұр, ол «Манчестер Юнайтедті» жаттықтырған кезінде осы нәтижеге қол жеткізген.
«Манчестер Сити» қазіргі уақытта АПЛ турнирлік кестесінде төртінші, ал Чемпиондар лигасында 22-орында келеді. 2024/2025 жылғы Ағылшын чемпионатының турнирлік кестесін 50 ұпаймен «Ливерпуль» бастап тұр.
Айта кетейік, кешегі матчта «Манчестер Сити» сапынан Фил Фоден (дубль), Матео Ковачич, Жереми Доку, Эрлинг Холанд және Джеймс Макэйти гол соқты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас