20.01.2025

«Қайсардың» сынағына 43 жастағы қақпашы келді

«Қайсардың» сынағына 43 жастағы қақпашы келді

Фото: kff.kz

Түркияда өтіп жатқан «Қайсардың» кешкі жаттығуына Ұлттық құраманың бұрынғы қақпашысы Александр Мокин келіп қосылды.

Ол спорттық мансабында 8 дүркін Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Александр өзінің бабын оқу-жаттығу жиынында байқатып көрмек.
Александр Мокин 1981 жылы 19 маусымда дүниеге келген. Өзінің спорттық мансабында «Жігер», «Достық», «Астана», «Оқжетпес», «Ордабасы», «Шахтер», «Тобыл», «Каспий» клубтарында доп тепті.

2005-2021 ұлттық құрама сапында 22 ойында өз қақпасына 43 гол жіберіп алды.  

Айта кетсек, «Қайсар» жаңа маусымда тек қазақстандық футболшылармен ойнайды.

Қызылордалық «Қайсар» командасы келесі маусымда легионерлермен ойнаудан түбегейлі бас тартты.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас