21.01.2025

Қайрат Сәтжанов қазақстандық боксшылардың алдағы жоспары жөнінде әңгімелеп берді

Қайрат Сәтжанов қазақстандық боксшылардың алдағы жоспары жөнінде әңгімелеп берді

Фото: egemen.kz

 Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкер Қайрат Сәтжанов былғары қолғап шеберлерінің алдағы жоспары жөнінде әңгімелеп берді. 

- 13-31 қаңтар жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын Түркістан облысында өткізіп жатырмыз. 25 қаңтар күні ұлттық құраманың 2-3 нөмірлі боксшылары Алакантаға (Испания) аттанады. Бұл жиынға Ұлыбритания, Шотландия, Мажарстан, Испания елдері қатысады. Кейін халықаралық турнир ұйымдастырылады.
Өзіміздің жиын аяқталғасын аз уақыт демалып, 10 ақпан Софияға (Болгария) жолға шығамыз. Біріккен оқу-жаттығу жиынына және Странджа турниріне қатысамыз. Көп елдер осы жарысқа үздік боксшыларын әкеледі деп күтілуде, - деді бас бапкер.

Оның айтуынша, биылға басты мақсаты – күзде өтетін әлем және Азия чемпионаттары. 

- Дегенмен, бұл жарыстардың барлығы біздің басты мақсатымыз, яғни кешенді жарыстарға дайындығымызды шыңдау үшін керек. Бұл – 2026 ж Азия Ойындары, 2027 ж өз еліміздегі әлем чемпионаты мен 2028 ж Олимпиада. Осы аралықта жүйелі жаттығу жасап, құрамды жақсылап іріктейміз. Қазір қатарға қосылған талантты жастар көп, біздің міндетіміз – ел намысын абыроймен қорғайтын құрамды әділетті іріктеу және боксшыларды жан-жақты ашу, - деп толықтырды бас бапкер.
Нұрсұлтан Құрман келісілген матч ұйымдастырушылар қатаң жазаланатынын айтты

Футбол 4 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман келісілген матч ұйымдастырушылар қатаң жазаланатынын айтты

«Челси» клубтар арасындағы әлем чемпионаты финалына шықты

Футбол 5 сағат бұрын

«Челси» клубтар арасындағы әлем чемпионаты финалына шықты

Видео шолу Чемпиондар лигасы: «Қайрат» тең есепті сақтап қалды

Футбол 14 сағат бұрын

Видео шолу Чемпиондар лигасы: «Қайрат» тең есепті сақтап қалды

Дастан Сәтбаев Еурокубокта гол соққан ең жас қазақстандық атанды

Футбол 16 сағат бұрын

Дастан Сәтбаев Еурокубокта гол соққан ең жас қазақстандық атанды

Ушудан Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Басқа 16 сағат бұрын

Ушудан Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қазақстан ерлер құрамасы таэквондодан әлем кубогында қола алды

Футбол 16 сағат бұрын

Қазақстан ерлер құрамасы таэквондодан әлем кубогында қола алды