21.01.2025
Давид Лория ҚФФ вице-президенті қызметіне сайланды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы Давид Лория футбол федерациясының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлады ҚФФ баспасөз қызметі.
Давид Лория – қазақ футболы тарихындағы ерекше тұлғалардың бірі. Футболшы мансабында «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Хальмстад» (Швеция), «Спартак-Нальчик» (Ресей), «Астана», «Ертіс», «Ризеспор» (Түркия), «Қайрат», «Каршияка» (Түркия), «Ордабасы» клубтарында ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасында 47 ойын өткізіп, қақпашылар арасында рекорд жасады.
1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен әлем чемпионатына қатысты.
Мансабын аяқтағаннан кейін Давид Григорьевич «Астана» футбол клубында, Астана қаласының футбол федерациясында және «Super Bol» жобасында басшылық қызметтер атқарды.
Айта кетейік, Давид Лорияның бұл салада меңгерген білімі бар. Жаңа вице-президент 2019-2022 жылдары УЕФА UEFA MIP – UEFA Executive Master for International Players магистрлік бағдарламасы бойынша спорт менеджменті саласында дәріс алған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи