16 сағат бұрын
«Ордабасы» қатарына грузиялық жартылай қорғаушыны қосты
Фото: «Ордабасы» ФК
Лука Имнадзе – «Ордабасы» ойыншысы атанды. Бұл туралы клуб әлеуметтік желісінде хабарлады.
27 жасар ойыншы мансабында грузиялық «Гурия», «Сабуртало», «Кохети-1913», «Самтредиа», әзербайжандық «Сабаил» және қазақстандық «Ақжайық», «Қызылжар» клубтарында доп тепкен.
Соңғы төрт жылда Қазақстан премьер-лигасында 80 ойын өткізіп, 14 гол соғып, 10 мәрте әріптестеріне нәтижелі пас берген.Сондай-ақ Лука Грузия құрамасының жастар құрамасында 4 ойында алаңға шығып, 1 голдың авторы атанған. Өткен маусымда Имнадзе петропавлдық «Қызылжар» жейдесінде 28 матчқа қатысып, 5 рет гол соғып, 1 мәрте ассист берген.
Sofascore порталының нұсқасы бойынша гүржі ойыншысы 2024 жылы 7.28 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш бойынша Лука чемпионаттағы үздік он футболшының қатарында.