5 сағат бұрын
«Елімай» құрамын қазақстандық жас қорғаушы толықтырды
«Елімай» футбол клубы қатарын қазақстандық 21 жастағы сол жақ қорғаушы Егор Ткаченко толықтырды.
Егор Ткаченко «Қайрат» футбол академиясының тәрбиеленушісі. U19 Қазақстан ұлттық құрамасында жүріп 1 гол авторы атанған. Қазіргі уақытта U21 ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді.
Қазақстан премьер лигасында жалпы жиыны 1869 минут ойнаған, ал оның 8 ойынын «Жетісу» сапында өткізген.