4 сағат бұрын
«Елімайдың» косоволық клубпен кездесуі өтпей қалды
Фото: «Елімай» футбол клубы
Семейлік «Елімай» мен Косовоның «Гиляни» клубы арасындағы арасындағы жолдастық кездесу кейінге шегерілді.
«Бұл шешім Түркиядағы тоқтаусыз жаңбыр салдарынан қабылданды. Матч туралы ақпаратты алдын-ала хабарлайтын боламыз» деп жазылған хабарламада.
Семейлік клуб бұдан бұрын жолдастық кездесуде Өзбекстанның «Пахаткор» командасымен 1:1 есебімен тең ойнады.
Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы ойынында олар Сербияның «Чукарички» клубын 1:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Енді олардың 26 қаңтарда «Шкендия» (Солтүстік Македония) командасымен жолдастық кездесуі белгіленген.