22.01.2025
Бауыржан Исламхан мансабын «Қайсар» клубында жалғастыруы мүмкін
Бауыржан Исламхан қызылордалық «Қайсар» командасына ауысуы мүмкін.
«Егер 31 жастағы жартылай қорғаушы жақын арада өзіне қолайлы басқа нұсқалар таппаса, ол, ең ықтимал, қызылордалық клубтың екінші оқу-жаттығу жиынына қосылады. Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Исламханның «Ордабасы» клубымен келісімшарты аяқталды. Бауыржан шымкенттік команда құрамында Қазақстан чемпионы атанды. Алайда клуб футболшымен жаңа келісімшарт жасасудан бас тартты. Исламханның ұлттық құраманың сапында елуден астам ойыны бар», – деп хабарлайды «ЖаркOFF» Telegram арнасы.
Transfermarkt порталы ойыншының бағасын 450 000 еуро деп бағалайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас